Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 05:09

Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші

09.12.2022

326

0

Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7 974 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрап отыр. Қызылорда облысының статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, Жалағаш ауданы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр.

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бар. Аталған мекеме 2017 жылы құрылдыған болатын. Қазіргі таңда орталықта 7 адам жұмыс жасайды.

Орталық директоры Нұржан Амандықтың сөзіне сүйенсек, жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылып жатыр екен. 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 110 шара өткізіліп, оған 5000-ға жуық жас қатыстырылған. (Кездесу, Акция, Семинар-тренинг – 40, Мерекелік шаралар – 18, Түнгі рейд – 6, Қайырымдылық шаралары – 4, Діни бағыттарға байланысты шаралар – 2, Спорттық шаралар – 12, Ерікті жастармен жұмыс – 16). Кеңеспен қамтылған жастар саны – 396.

Нұржан Амандық Жалағаш кентінде ашылған «Сoworking center» орталығы арқылы жастардың өзін-өзі тануы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасау арқылы аудан жастарының 70 пайызын іс-шаралармен қамту жыл соңына дейін қамтылатынын айтады. Сондай-ақ ол аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, жастарға ауылдың құндылықтарын насихаттау үшін «Еңбек» лагері, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашық ақпарат көздерінен кинолар және спорттық сайыстардың тікелей көрсетілімдері дәстүрлі түрде жүргізіліп жатқанын жасырмайды.

Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетіп келеді. Оған дәлел бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшіктерін, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және 1 отбасыға баспана табыстаған. 2022 жылы еріктілер 6 млн 135 мың теңге қаржыны құрайтын 16 жоба жеңіп алыпты.

«Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында 2020 жылы 14 жоба жалпы құны 5 млн. теңгеге, 2021 жылы 6 жоба жалпы құны 5,5 млн теңгеге грант жүзеге асырылған. Соңғы 3 жылдың ішінде республикалық шағын гранттар байқауына қатысу арқылы 16 млн 635 000 теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткішті өзге аудан жастарымен салыстырмалы түрде қарасақ, ең жоғарғы нәтиже екені анық.

Ауданда жастарды жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар арқылы оларды кәсіпке баулуда да біршама жоба жүзеге асқан және олар әлі күнге дейін жемісін беріп келеді.  Орталық директоры Нұржан Амандық жастар арасында жұмысқа орналасу бағытында осыған дейін бірқатар жұмыстар атқарылғанын айтады. Мәселен, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына 1 405 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болса, оның 1169-ы немесе 83,2 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. (әлеуметтік жұмыс орны-7, жастар практикасы-168,  қоғамдық жұмыс-189, ұрпақтар келісімі-4, алғашқы жұмыс орны-14, қысқа мерзімді оқу-5 адам, «Бастау-Бизнес» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерінде оқу-454, мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс – 245). Ал «Жасыл ел» еңбек жасағына аудан бойынша жұмысқа тартылған жастар саны – 220.

Ұлттық жоба шенберіндегі 1 225 200 теңге (400АЕК) қайтарымсыз 162 жас грант иегері атанды. 2022 жылы 21 қыркүйектегі «Амаnat» партиясы жастарды қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңесінің №2 хаттамасындағы тапсырмаларға сәйкес орнадалған жұмыстар да көңіл көншітеді. Бұл бағытта ауданда мүмкіндігі шектеулі жастармен арнайы сауалнама жұмыстары жүргізіліп, қандай іске икемді және қызығушылығын анықтап, арнайы шаралар жоспары әзірленген. Осы жылы үстел теннисі және шахматттан спорттық сайыстар өткізіліпті. «Жас Ұлан» топтарымен мектептерде тұрақы кездесулер өткізіп, түрлі тақырыптарда семинарлар өткізілген.

Нұржан Райсұлы ең басты мәселе жастар арасында қылмыстың алдын алу, зиянды заттардан бас тарту қажет екендігі туралы бейнероликтер көрсетіп, түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілетінін айтады. Ал қолайсыз отбасындағы жастардың назарын аударып, көңіл күйін көтеру үшін мәдени және спорттық шараларға, киноларға тарту да өз деңгейінде жүзеге асып жатыр екен. Алдағы уақытта осы жастардың арасында санақ жұмыстарын жасап, категория бойынша бөлініс жасап, әр санаттағы жастарға арналған іс-шара жоспарын әзірлеп, жұмысты жандандыру міндеті тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: