Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 29 наурыз, 19:26

«ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖАҢА ЖЕТЕКШІСІ САЙЛАНДЫ

24.05.2023

313

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Жастар Рухы» Жастар Қанатының конференциясы болып өтті. Аталған конференция жұмысын партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ашып, жүргізді. Сонымен қатар, «Жастар Рухы» Жастар Қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жорабек Медет қатысты.
Конференция жұмысының күн тәртібіне бір мәселе ұсынылды. Яғни, «Жастар Рухы» Жастар Қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің жетекшісін және орынбасарын сайлау. Аталған жиынға ауылдық округтерден және Жалағаш кенті орталығынан белсенді жастар қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша «Жастар Рухы» Жастар Қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің жетекшілігіне аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Амандық, орынбасары болып №33 орта мектеп мұғалімі Жанибай Сымбат ұсынылды.
Өз ісіне жауапкершілік танытып саяси науқандарда белсене атсалысып, жастарға мемлекеттік бағдарламалардың насихатталуына және жастардың қоғамдық ортаға тарта отырып тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосып, осы уақытқа дейін «Жастар Рухы» Жастар Қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің жетекшілігін атқарған Нарбота Серәліге алғысымызды айтамыз – деді Қаншагүл Мұстафаева.
«Жастар Рухы» Жастар Қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жорабек Медет жаңадан сайланған жетекшінің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы «Жастар Рухының» ЖҚ алдағы атқарар жұмыстарына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жиынға қатысушы жастар аудан орталығындағы арнайы киім тігетін «Өркен Әлем» ЖШС жұмысымен танысып қайтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: