Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 13:36

«Ауыл аманаты»: Қанша жоба ұсынылды?

01.07.2023

2206

0

Бүгінде жалағаштықтар табыстың тетігі кәсіпте екенін жақсы түсінді. Иә, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың қатары едәуір артқан. Кәсіп бастау үшін мемлекеттен қолдау да көп, тек ынта болса жеткілікті. Осы орайда кәсіппен шұғылданғысы келетін ауыл тұрғындарына «Amanat» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосты. Бұл – Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Аталған жобаның ауданымызда іске асырылу барысымен танысу және өзге де бірқатар сауалдарға жауап алу үшін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбетпен сұхбаттасқан едік…

– Жасұлан Ерданұлы, «Ауыл ама­­наты» жобасы бойынша құ­жат­­тар қабылдау қашан баста­лады? 

– «Ауыл аманаты» жобасы бойын­­ша құжаттарды қабылдау осы жылдың шілде айынан бастап Қы­зылорда об­лыстық «Бай­қо­ңыр» әлеуметтік кәсіп­керлік корпо­ра­циясы арқылы жүргізі­летін болады.

– Бүгінге дейін аудан бойынша қанша жоба қабылданды?

– Қазіргі таңда 1 млрд 50 млн тең­генің 149 жобасының құжаттары тексе­ріліп, ұсынуға дайын тұр.

– Оның қаншасы қай бағыт­та­ғы кәсіп түрі?

– Негізінен «Ауыл аманаты» жо­басы бойынша қаржыландыру бес бағытта жүргізіледі деп жоспар­лануда. Бірінші өңдеу саласына қатысты жоба­лар, мы­салы, жылы­жайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы, екін­ші өсімдік шаруашылығын дамы­ту, үшін­ші ауыл шаруашылығы коопе­рат­ив­терін жабдықтау, төртінші мал ша­­руа­шылығын дамыту бойын­ша және басқа да бағыттағы биз­нес жо­балар болып табылады. Жинақ­тал­ған жоба­ларды саласына бөлетін болсақ, өңдеу саласына қатысты 9 жоба,  оның ішінде сүт өңдеу 1 жоба, жылыжай 2 жоба, ет өңдеу 6 жоба, өсімдік шаруа­шылығы саласына қатысты 2 жоба, мал шаруашылығы саласында 132 жоба, басқа да салалар 6 жоба бар.

Сонымен қатар зәкірілік коопе­ра­цияны дамыту бағытын өңдеу, өсімдік, мал шаруашылығы сала­ла­рына қа­тысты жобаларды ауыл шаруа­шы­лы­ғы өндірістік кооперативіне бірік­тіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ба­­ғытта 7 кооператив құрылды. Нақ­тырақ айтсақ, Аққұм ауылынан 1, Таң ауылынан 3, Жалағаш кенті, Аққұм, Аққыр, Есет батыр ауылда­ры­нан 1 кооператив тіркелді. Коопера­тивтердің біреуі сүт өңдеу бағытында, алты кооператив ет өңдеу бағытында жұмыс жасайтын болады.

– Дайындалған жобалардың қан­­­шасы ауылдық елді мекендерге тие­сілі?

– Иә, бағдарламаның негізінен ауыл азаматтарының әл-ауқатын арт­ты­руға бағытталғаны белгілі. Сон­дық­тан біз барынша ауыл азамат­тарын кәсіппен айналысуға үгіттеп, осын­дай бағдарламаларға қа­тысуға жәр­демдесеміз. Жалпы, дайындалған 149 жобаның 105 жобасы ауылдық елді мекендерге тиесілі.

– Қай елді мекендерде бағдар­лама шеңберінде құжаттар өт­кізуде белсенділік бар, қай ауылдар төмен деңгейде?

– Бір қуантарлығы, бүгінде әсіресе ауыл азаматтарының кәсіп ашуға ын­тасы басым. Сол себепті олар мем­лекеттен қандай да бір қолдау болса, соған қол жеткізуге тырысады. Біз де қол қусырып отырмай, шалғай ауыл­дардағы азаматтарға түсіндірме жұ­мыс­тарын жүргізіп жатырмыз. Нәти­жесі жаман емес. Барлық ауылдық округтерде белсенділік бар.

– «Ауыл аманаты» жобасы ая­сын­да қаржылай қолдауға ие болу үшін қандай талаптарды орындау қажет?

– Жобаға қатысуға кез келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ес­керіле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал ша­руашылығын қолға алғыңыз келсе, 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз 5 жылға дейін беріледі. Тек бір шар­ты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Сон­дай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тір­келуі, несие тарихы дұрыс болуы міндетті.

– Бағдарлама шеңберінде бері­ле­тін қаражаттың көлемі қанша?

– Жеке кәсіпкерлерге 8 млн 600 мың теңге, ауыл шаруашылық коопе­ративтеріне 27 млн 600 мың теңгеге дейін беріледі.

– «Ауыл аманаты» жобасы ая­сын­да 2,5 пайызбен несие алған­дар бар ма?

– Құжаттарды қарау енді баста­латын болғандықтан, жоба аясында әзірге несие алған азаматтар жоқ.

– Жоба шеңберінде несие ең әуелі қай санаттағы азаматтарға бе­рі­­леді?

– Жоғарыда айтқанымдай, жо­баға қатысуға кез келген адам өті­ніш бере алады. Десе де ең әуелі жұмыс­сыздардың, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы мүшелерінің жобалары қаралады.

– Облыс бойынша бұл жобамен кәсіп бастаймын дегендерге жал­пы құны қанша қаражат қаралған?

– Аталған жобаны жүзеге асыруға аймақ бойынша жалпы құны 3 млрд теңге қаражат қаралған.

– 2,5 пайызбен несие үлесті­ретін бұл жоба бойынша түсіндір­­ме жұмыстары жүріп жатыр ма?

– Бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы  ең алдымен халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ эконо­миканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұ­мыспен қамтуға бағытталғандықтан ауыл тұрғындарының жоба игілігін көруге бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз. Осы орайда бүгін­де ауданда құрылған жұмысшы топ арқылы ауылдарды аралау жұмыс­тары жүргізіліп, бағдарламаның мақ­­сат-мүддесін халыққа кеңінен тү­сін­­діру мақсатында ақпараттық ба­ғытында іс-шаралар атқарылуда.

– Үміткерлер мақсатын айт­са, жобасын дайындауға көмекте­се­сіздер ме?

– Әрине бағыттар бойынша бөлім арқылы сүйемелдеу жұмыстары жүр­гізіледі.

– Ауданда қаражатты кімдер үлестіреді?

– Қызылорда облыстық «Бай­қоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпо­ра­циясы арқылы үлестірілетін бо­лады. Ал ауданда жұмысшы орган ау­дандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі болып белгіленді.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жандос Махмұтұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: