Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 16:39

Сала мамандары құрмет төрінде

12.07.2024

232

0

Ветеринария саласының қызметкерлерінің кәсібі мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов сала қызметкерлерін қабылдады. Сала мамандарын төл мерекемен құттықтап, білікті мамандар мен ардагерлерді облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Ветеринарлар үшін басты қағида – өз міндеттеріне адалдық. Ветеринарлық жұмыс – сауатты мамандар ретінде бағаланатын ойлауды, талдауды және шешім қабылдауды қажет ететін күнделікті жұмыс. Уақытылы және сапалы жүргізілген ветеринариялық профилактика аурулардың пайда болуының алдын алып қана қоймай, көбінесе профилактиканың өзінен қымбат болатын жануарларды емдеуге кететін шығындарды үнемдейді. Ветеринариялық дәрігерлер жануарлар иелеріне арналған жадынамамен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының ве­теринария қызметi ветеринария және тамақ өнiмдерi сала­сындағы тиiмдiлiк пен қауiпсiздiктi арттыруға бағытталған елеулi өзгерiстерден өттi. 2011 жылы құрылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.
Қазақстанның ветеринариялық қызметі АШМ Вете­ри­нариялық бақылау және қадағалау комитетінен, өңір­лік және аудандық инспекциялардан, республикалық эпи­зоотияға қарсы жасақтан, республикалық ветеринариялық зертханадан, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтан, сондай-ақ облыстық ветеринария басқар­маларынан, ветеринариялық станциялар мен пункттерден тұратын жергілікті атқарушы органдардан тұрады.

Комитет 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды, сондай-ақ 203 аудандық ветеринариялық станцияны, 2334 ауылдық округтегі ветеринариялық пункттерді қамтиды. Бұл ауыл­дық округтерден бастап республикалық деңгейге дейін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің негiзгi мiндеттерi – жануарларды аурулардан қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, ветеринариялық-сани­тариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластануын болдырмау. Ветеринариялық препа­раттар мен жем-шөптің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау қызметтің маңызды бағыты болып саналады.

Биылдан бастап 10 шілдеде Қазақстанда «Вете­рина­рия қызметкерлері күні» болып бекітілді. Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

– Еліміздегі Эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы адам өміріне қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ете­тін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алуда және оны емдеуде орасан бейнет ветеринар мамандардың қажырлы еңбектері екені белгілі. Осыған орай барлық ветеринария саласында қызмет атқарып жатқан дә­рі­герлер мен ардагерлерді бірінші рет тойланғалы отыр­ған төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Кеңес­тік гельминтология ғылымының негізін салған ака­демик Константин Окрябиннің «Медицина адамды, ал ветеринария бүкіл адамзатты емдейді» деуі тегін емес. Бұны ветеринария қызметіне берілген ең жоғары баға деп білемін, – деді Ә.Байнахатов.

Қазақстанда 10 шілде ветеринариялық қызметкер күні болып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді. Бұл күні «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының бірінші заңы қабылданған. Аталған мерекенің айшықтап белгіленуі сала қызметкерлерін ынталандыруға және ветеринарияның еліміз үшін стратегиялық маңыздылығын айқындай түсті.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: