Циклонның әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Осыған байланысты кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, таңертең және күндіз оңтүстікте, орталықта найзағай, дауыл, күндіз солтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Сондай-ақ аймақтың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!