Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 14:52

Табиғат тазалығы – ортақ іс

06.09.2024

495

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының жоғары деңгейде өтуі мақсатында нақты тапсырмалар берді.

«Бұл уақытша науқан емес, осы маңызды жоба жыл бойы жалғасын табу қажеттігі жөнінде мемлекет басшысы да өз Жолдауында баса айтты.

Осы аптадан бастап ауданда күзгі сенбілік жұмыстары басталады. Арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары ұжыммен бірге сенбілік жұмыстарына қатысуды тапсырамын.

Тазалық жұмыстарына аса мән беріп, Өздеріңізге тиесілі мекемелердің іші-сыртына, оның аумағына күнделікті бақылау орнатып, әктеу, сырлау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіңіздер.

Әсіресе халық көп баратын Қазпошта, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық емхана, аурухана ғимараттарында тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып, келушілерге жағымды әсер қалдыруы тиіс.

Тазалық – әркімнің ауласынан, табалдырығынан басталады. Әрбір тұрғын өз үйінің жан-жағын таза ұстауға, көркейтуге үлес қосуы қажет.

Осыған сәйкес, бекітілген аймақтарыңыз бойынша тұрғындарға өз ауласына және тұрғын үйдің қасбеттерін әрлеу жұмыстарын жасау және белгіленбеген жерлерге күл-қоқыстарды тастамау бағытында да түсіндірме жұмыстары қоса жүргізілсін»,- деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Тазалық жұмыстары кәсіпкерлік субъекті иелеріне тікелей қатысты болғандықтан, бірқатыр нақты тапсырмалар берілді.

Аудандық кәсіпкерлік бөліміне Жалағаш кентіндегі барлық кәсіпкерлерге тазалық жұмыстарына қатысып, кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін ретке келтіртіп, жаңарту жөнінде түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөліміне аудан тұрғындарына үндеулер, әлеуметтік желілер арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер топтамасын әзірлеп ақпараттандыру маңызды міндет екенін ескертті.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде орналасқан барлық мекеме басшыларына кенттің тазалығы ортақ мәселе екенін айтты. Сондықтан іс-шара жоспарына сәйкес, мекеменің барлық қызметкерлерін жұмылдыра отырып, бекітілген аймақтар бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тазалық жұмыстарының тындырымды іске асуын бақылау сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: