Аламесек ауылдық округіндегі №151 сайлау учаскесі таңертең мемлекеттік әнұранмен сайлаушыларға есігін айқара ашты. Жалағаш аудандық мәслихатының депутатын сайлауда бірінші болып ауыл тұрғыны Қалыш Өтегенова өз таңдауын жасады.
– Жалпы бұған дейінгі саяси науқандарда да шет қалған емеспін. Себебі бұл өңір дамуында ерекше маңызға ие. Бүгін де өз таңдауымды жасап, бірінші болып дауыс бердім. Көріп тұрғандарыңыздай, сайлаушылар белсенді. Бұлай болуы да заңдылық. Себебі Есет батыр ауылының тұрғындары елдің болашағына бейжай қарамайды, – дейді Қалыш Өтегенова.
Бірінші болып келген сайлаушыға №151 сайлау учаскесінің төрағасы Әбдіқайыр Әйтімов арнайы сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттығына үш адам үміткер. Бұған дейін олардың сайлауалды бағдарламасы жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!