Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 23 қараша, 13:05

Ауқымды жобалар ауылдарды түлетеді

30.07.2023

1439

0

Кеше Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданда 2023 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы брифинг берді. Брифингті тікелей эфирден көріп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, жобалардың іске асуы туралы біраз мәлімет алдық. Иә, өзім Аламесек ауылының тұрғыны болғандықтан сеніммен айта аламын, ауылымызда біраз жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Азаматтың іскерлігі ісінен мәлім» демекші, Жала­ғашқа Ас­қарбек Есжанов басшылық еткелі өңірдің, әсіресе ауылдық елді мекендердің дамуы едәуір іл­геріледі. Әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың әлеуе­тін арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру секілді мәсе­лелер күн тәртібінен түспеді. Кент, ауылдар кел­бетінің көркеюі, оның ішінде құрылыстың қарқын алуы аудан дамуының көрінісі деуге болады.

Мәселен, Аламесекте ауылдық емхана жайлы мә­селе кө­те­ріліп жүргеніне біраз уақыт болған. Бүгінде бұл мәселе де өзі­нің оң шешімін тауып, жаңа емхана ғи­маратының құрылысы бас­талып кетті. Шынында ха­лықтың мәселесі ескеріліп жатыр, был­тырдың өзінде ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті, кіреберіс көшеміз тақтайдай тегіс, демеушілер есебінен ауылымызда 2 ба­лалар ойын алаңы салынды. Бірнеше әкімнің тұ­сын­да халықтың талап-тілегіне арқау болған жол бойындағы апатты жағдайдағы көпір қайта салынды. Мұнан ау­дан басшысының сөзден істің адамы екенін аңғару оңай.

Тағы бір жақсы іс, жер­гі­лікті жер­лер­де картоп, бақша да­қылдарын орналас­ты­руға ша­руа­­шы­лықтардың демеу­ші­лігімен жаңадан 500 гектар жер дайын­далып, ауыл тұрғындарына тең­дей бө­лініп беріліпті. Бұл дегеніміз ауыл тұрғындары үшін тап­тырмайтын мүмкіндік емес пе?!

Міне, ауданымызда тұрақтылық пен бірліктің, бі­лікті, іс­кер басшының арқасында осындай қыруар шаруа ат­қары­луда. Алдағы уақытта да ынтымақ-бір­лік­пен тір­лік ететін бол­сақ, Жалағаш халқы сенім біл­діріп, үміт артқан Асқарбек Темір­бек­ұлымен бірге та­лай биік ме­желерге қол жеткізіп, халықтың тұрмысы одан әрі жақ­са­ратынына сенім мол.

Мұқан МҰРАТБАЙ,
Аламесек ауылдық округінің ардагер
і

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: