Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот үкімі шықты. Автобус жүргізушісін ұрған күдікті сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті Дархан Ахмеджанов ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен, 351-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылды.
«Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 2-бөлігіне сәйкес Дархан Ахмеджановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде тағайындалсын», – деді судья.
Ал жәбірленушілердің талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды. Жәбірленуші Құсайынованың пайдасына 6 миллион 397 мың теңге материалдық шығын, 5 миллион теңге моральдық шығын, жәбірленуші Байдуәлиевтің пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын өндіріледі.
Сот жүргізуші Ермек Шөкебаеваны жәбірленуші деп таныды. Шөкебаева мен «Думан Транс» ЖШС-ден моральдық өтемақы өндіру туралы талап қанағаттандырылмады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғадан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды. Жол апаты қалай болғаны бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.
Автобус апатында үш адамның өліміне себеп болған ер адам соңғы сөзін сөйледі
«Ашуға бой алдырып, өрескел қате жібердім. Бұзақылық жасағаным үшін өте қатты өкінемін. Алдағы уақытта өзім үшін өмірлік сабақ алдым деп түсінемін. Ендігі бұзақылық жасамаймын деп өзіме сенемін және сіздердің де сенулеріңізді сұраймын», – дейді айыпталушы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!