Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:05

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

23.08.2022

309

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Аталған отырысқа Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева қатысып, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі саяси мәселелерге баса назар аударып, кеңінен тоқталған болатын. Әсіресе, ауыл әкімдерін сайлау туралы айтқаны елең етер жаңалық болып, халық арасында талқыға түсті. Президенттің бастамасын ескерген Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.
Аталған заң аясында 2021 жылы 25 шілде күні «AMANAT» партиясы атынан Жалағаш ауданы бойынша 4 ауылдық округке кандидаттар ұсынылды. Сайлау нәтижесі бойынша партия атынан ұсынылған кандидаттар сайлаушылардың басым даусына ие болып, әкім болып сайланды.
Бүгін Аққыр және Бұқарбай батыр ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы бойынша есептері тыңдалды.
Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында ауылда біршама жұмыстар атқарылды. Аталған жұмыстардың қатарында Бұқарбай батыр елді мекенінің үстінен өтетін 6,3 км аудандық маңыздағы “Жалағаш-Жаңадария” автожолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айында пайдалануға берілді. Н.Данилов атындағы скверде орналасқан балалар ойын алаңына 4 млн 604 мың теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы 24 кәсіп иесі 574 млн 100 мың теңге көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиеленді. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 1 жоба 4 млн 900 мың теңге қайтарымсыз грант алса, «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 жоба 3 млн 500 грантқа қол мың теңге мемлекеттік жеткізді.
Биылғы 2022 жылы 6 кәсіп иесі 325 млн 900 мың теңге көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие қаражаттарымен қаржыланып отыр – деді Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі Сағат Байділдаев.
Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша кезең-кезеңімен елдімекенішілік 14 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары, 16 көшеге көше жарық шамдарын орнату жұмыстары алға қойылған болса. Ал, әлеуметтік нысандар бойынша №33 орта мектеп пен Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Күн тәртібіне қойылған келесі бойынша Аққыр ауылдық округінің әкімі Жанабек Матаев аулдық округте атқарылған және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Тұрғындардың салауатты өмір салтын арттыру мақсатында ауылдық округтегі футбол ойын алаңына 6 млн 427 мың теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ойын алаңы жұмыс жасап тұр.
Елдімекеннің ішкі жолдарын жөндеу мақсатында 1 көшеге күрделі жөндеу, 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба сметалық құжат әзірленіп, қаржы көздері қарастырылуда. Қазіргі уақытта ауылдық округтегі А.Ахетұлы көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 31,5 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың тамыз айының аяғында тиісті жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.
Елді мекенді аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 1 дана электр және 1 дана дизельдік су айдау насостары алынып, қазіргі таңда аяқ суды келтіруге жобалау – зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
ШЖҚ «Табиғат» МКК арқылы «Пітеген» каналын тазалау жұмыстарына 13,8 млн қаржы қаралып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында елді мекен аяқ сумен қамтамасыз етілді – деді Аққыр ауылдық округінің әкімі Жаңабек Матаев.
Аққыр ауылдық округінен талапқа сай ауылдық клуб құрылысын салу мақсатында аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Елдімекенішілік 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолы, Жаңаталап-Аққыр аралығындағы 20,6 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті жұмыстары жасалауда.
2022 жылы 2 кәсіп иесі 5 млн 300 мың теңге көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие қаражаттарын алуға құжаттарын ұсынды. Жаңа бизнес – идеяларға арналған «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін 4 ауыл тұрғыны оқып қайтарымсыз грантқа құжаттарын өткізді.

Партиялық бақылау комиссия мүшелері хабарламаыларға сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізді. Ауылды дамыту мен көркейту, халықпен әрдайым кері байланыста болу, халыққа берген уәделердің 100 пайыз орындалуын тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: