Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:55

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

20.01.2021

543

0

Ол үшін:

* Қолданыстағы жеке куәліктің түп нұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
* SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;
* Компьютеріңізде веб-камера болуыкерек;
* Компьютерге NCAL ayer бағдарламасын орнатыңыз.

Порталдың басты бетінде еgov.kz «ЭЦҚ қашықтықтаналу»батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басыңыз.

Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бірреттік құпиясөз) енгізіңіз;

Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізд іжәне телефон нөміріңізді тіркеуді /қайтат іркеуді ұсынады.

МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCAL ayer бағдарламасының болуын тексереді;

«ЭЦҚ алуғаөту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірінжәне SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),»Бастау» батырмасын басу қажет»;

Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағ ышеңберге «орналастырып», фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басыңыз;

Әрі қарай сізге бейне сәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек. Бейне сәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет»;

Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;

Электрондық мекен жайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;

Бұданәрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және » Ашу » батырмасын басыңыз».ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және «сертификаттарды Жүктеу»батырмасын басыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: