Қызылорда облысының инвестициялық жобаларымен танысу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев қала аумағында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралап, олардың жай-күйімен танысты.
Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыстарымен танысқан Ардақ Темірханұлы өнім шығарарда оның сапасына мән беру керектігін, бүгінгі уақыт осыны талап ететініне баса тоқталып, өз ой-пікірін айтты. Жалпы бұл жобаның құны 3,5 млрд. теңге, зауыт 2023 жылы іске қосылып, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мұнан кейінгі облыс әкімі орынбасарының сапары жаңадан инвестор қаржысына салынып жатқан ЖЭО құрылысында жалғасты. Құны аса қомақты 215 млрд. теңгені құрайтын бұл – орталық 2025 жылы іске қосылады деп күтіліп отыр.
Сапар кезінде шағын өнеркәсіптік парктің 44 га жер телімін көрген әкім орынбасары аталған жерге қандай индустрия тарту керектігін пысықтады.
Сонымен қатар, Ardak Zebeshev қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна шыны шығаруға қауқарлы «Orda Glass Ltd» ЖШС-не барды. Бүгінгі күні зауытта 370 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әкім орынбасары жеткізген жағымды жаңалық – зауытта туындаған газ мәселесі ескеріліп, жоғарғы категориялы сұйытылған отын тартуға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!