Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 02:00

2024 жылы тұрмысқа шығу және үйлену тойын өткізуге қандай күндер қолайлы?

21.01.2024

889

0

2024 жылы Юпитер 1 мамырда Тоқтыдан Торпақ белгісіне ауысады. Осы сәтті некеге тұру үшін пайдаланып қалыңыз.

Жасыл Айдаһар жылы кібісе жылы. Десе де әдеттегідей биыл да көптеген жұп шаңырақ көтеруді жоспарлайтыны анық. 2024 жылы отбасы құру үшін қандай күндер қолайлы? Биылғы жылға арналған жоспарды астролог Пандит Рахул Шастри жасап көрді.

2024 жылдың қолайлы және қолайсыз күндері

Аңыз бойынша кібісе жылы қыздар жігіттерге бас тарту құқығынсыз ұсыныстар жасаған екен. Алайда көп жағдайда шешімді біржақты қабылдау некенің сәтсіздігіне әкеп соқтырады екен. Сол себепті кібісе жылы үйлену тойын жасамаған жөн деген түсінік қалыптасқан. Ғылым мен дінде мұндай жылдары некеге тұруға тыйым салынбаған, сондықтан 2024 жылы үйлену тойынан бас тартудың қажеті жоқ. Керісінше, биыл үйлену тойын өткізуге қолайлы күндер бар.

Олар төмендегі күндер:

Халықаралық құшақтасу күні – 21 қаңтар.
Ғашықтар күні – 14 ақпан.
Дүниежүзілік сүйісу күні – 6 шілде.
Десе де тәуекелге бел буып, 29 ақпанда некеге тұруыңызға болады. Алайда үйлену күнін төрт жылда бір рет атап өтуге тура келгендіктен бұл күнді сіз ерекше етіп өткізу мүмкіндігіңіз арта түседі. Ешкім шаңырағын шайқалтқысы келмейді, сондықтан мамыр айында үйлену тойлары сирек кездеседі. Бірақ жылдың басқа кезеңдерінде үйлену тойына арналған фотосессияларды жасау қолайлы болады. Сонымен 2024 жылы қай айда үйленген жөн? 

Келесі кезеңдер некеге тұру үшін ең сәтті болмақ:

Қыс – желтоқсан және ақпан.
Жаз – маусым-тамыз.
Күз – қыркүйек және қараша.
2024 жылы қай күндері үйленбеу керек? Келесі астрологиялық құбылыстар некеге тұру үшін сәтсіз болып саналады:

Айдың тұтылатын күндері – 25 наурыз және 18 қыркүйек.
Күннің тұтылатын күндері – 8 сәуір және 2 қазан.
Ретро Меркурий күндері – 1-2 қаңтар, 1-25 сәуір, 5-28 тамыз, сондай-ақ 26 қараша мен 15 желтоқсан аралығы.
2024 жылы ретроградты Шолпан күндері болмайды. Махаббат планетасы жыл бойы тікелей қозғалыста болады, осыған орай ол ғашықтарға махаббат пен келісімге жол ашады. Православие христиандарының шіркеу күнтізбесі бойынша төрт ауыз бекіту тұту кезінде – Рождество, Ұлы, Петр және Успен күндері үйлену тойын жасамаған жөн. Сонымен бірге, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, сондай-ақ 2024 жылға арналған шіркеу күнтізбесінде атап өтілетін негізгі мерекелер қарсаңында және күндерінде неке қиюға кеңес берілмейді. Христиан діні бойынша үйленуге қолайлы күндерге 12 мамыр, 21 маусым және 4 қараша және 14 қазан сәтті күн болып саналады.

2024 жылы жұлдыз жорамалға сәйкес жайлы және жайсыз күндер

2024 жылы әрбір жұлдыз белгісінің кез келген бастамасы үшін өзінің сәтті күндері болады. 2024 жылы мұндай күндерге қай күндер сәйкес келеді? Қалыңдық пен күйеу жігіттің жұлдыз белгісін ескере отырып, екеуіне де ыңғайлы болған жағдайда таңдап, үйлену күндерін мына айларға қойған дұрыс:

Тоқтылар – желтоқсан.
Торпақтар – қаңтар, қазан.
Егіздер – мамыр айының басы.
Шаяндар – қаңтар, тамыз.
Арыстандар – шілде және желтоқсан айлары.
Бикештер – мамыр және қыркүйек айының ортасы.
Таразылар – маусымның аяғы мен барлық шілде айы.
Сарышаяндар – наурыз, шілде және қазан айлары.
Мергендер – наурыз және қыркүйек айлары.
Тауешкілер – сәуір және қараша айлары.
Суқұйғыштар – мамыр және қазан айлары.
Балықтар – қазан және желтоқсан айының ортасы.
Жаз мезгіліндегі күннің ең ұзақ күні (20 маусым) — тілектердің орындалу және бақытты болуға әкелетін күн. Сондықтан некені тіркеу органдарына осы күні баруды жоспарлаңыз. Brides үйлену журналының мәліметі бойынша Юпитердің басқа белгіге өтетін күн табысты болып саналады. 2024 жылы Юпитер 1 мамырда Тоқтыдан Торпақ белгісіне ауысады. Осы сәтті некеге тұру үшін пайдаланып қалыңыз.

2024 жылы қытайлық үйлену күнтізбесі үйлену жылы мен күнін қалыңдық пен күйеу жұлдыз жорамалына, Юэ Дэ немесе Тянь Де жұлдыздарының сәйкестігіне байланысты жоспарлайды. Brides мәліметтеріне сәйкес, 8 тамыздағы қытай жұлдыз жорамалы күнтізбесі бойынша – шексіздікті бейнелейтін екі сегіздіктің тіркесімі болып табылады.

Бұл Арыстан белгісіне қақпа ашылатын, молшылық пен өркендеуге апаратын, осы жылдың үйленуге арналған ең сәтті күні болмақ. Сонымен қатар, әр айдың кез-келген сегізінші күні де биылғы жылы шаңырақ құруға қолайлы күн болмақ. Астролог Пандит Рахул Шастри 2024 жылы Вива Мухуратқа сүйенуді ұсынады— үйлену тойын өткізу қолайлы болатын, жылдың әр айындағы сәтті күндердің тізімі.

Нумерология және Ай күнтізбесі бойынша үйлену тойын жасауға ең жайлы күндер

2024 жылы үйлену тойына қолайлы күндерді қалай таңдауға болады? Жаңа отбасының дүниеге келуі – өмірдегі ең маңызды міндеттердің бірі және оны барынша ыңғайлы күні жасаған дұрыс. Almanac басылымы ұсынған Ай күнтізбесі бойынша үйлену күнін таңдауға болады. 2024 жылы барлық жаңа Ай туған күндер мен Айдың толған күндері некеге тұруға жайсыз күндер болып саналады. Мұндай күндерді Гриффита обсерваториясы жасаған 2024 жылғы ай күнтізбесі арқылы бақылауға болады.

Жаңа жылда үйленуге қолайлы және Күн, Ай, жыл сандарының үйлесімінің арқасында оңай есте қалатын күндер баршылық. Жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келетін күндерді қарастырыңыз:
Қаңтар – 12, 20, 21.
Наурыз – 3, 23, 24 және 30.
Мамыр – 4, 5 және 24.
Маусым – 2, 14 және 22.
Шілде – 7, 14, 20 және 27.
Тамыз – 2, 18 және 24.
Қыркүйек – 2, 14, 20, 22 және 29.
Қазан – 4, 11 және 20.
Қараша – 1, 2, 10, 22 және 24.
Желтоқсан – 1, 14, 20 және 22.
2024 жылы нумерология бойынша үйлену үшін жайлы күндерді таңдаған дұрыс. Аталған ғылым бойынша, 2 және 4 сандары шаңырақ көтеруге ең қолайлы күндер болмақ. Екі саны – жұптарға сезімдерін мәңгі сақтауға көмектессе, ал төрт саны тұрақтылық пен үйлесімділіктің символы болып табылады. Үйлену күнінде неғұрлым екі және төрт сандары көп болса, соғұрлым жақсы болады. Төмендегі қолайлы күндерде некеге тұру және болашағаңызды жоспарлау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз:

2, 4 және 24 ақпан.
2024 жылдың 2, 4, 20 және 24 сәуірі.
2024 жылдың табысты күндері ресми некеге тұру үшін табысты күндер болмақ. Айдаһар жылы барынша қолдауға ие болатын қолдайтын сандар 1, 2 және 7, сондай-ақ олардың тіркесімдері. Осындай күні үйлену тойын жоспарлағанда, жыл иесінің қолдауына ие болыңыз және шаңырағыңызды берік ете түсіңіз. 13, 16 және 31 үйлену күндері үйлену тойларын жоспарлаудың қажеті жоқ, себебі 1, 3 және 6 сандарының тіркесімі карма саны болып саналады және алдау қаупін тудырады.

2024 жылы некеге тұру үшін әдемі және жайлы күндер жеткілікті болады. Мерекеге қолайлы күнді таңдағанда, сарапшылардың кеңестері мен өзіңіздің жүрек қалауына сүйеніңіз. Бұл сіздің шаңырағыңыздың берік, керегесі кең болуына мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: