Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 16:37

Қаржы ұйымдары мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қолжетімділік деңгейі бойынша бағалауды бастайды

22.06.2023

261

0

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейітжан, Қ. Иманәлиев атындағы Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Гүлмира Бурашева, Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Алматы филиалының, қаржы ұйымдарының және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында МБА үшін қаржы ұйымдарының нақты қолжетімділігі, есту және көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайттар мен мобильді қосымшаларды бейімдеу мәселелері талқыланды. Қаржы ұйымдарының өкілдері МБА әр санаты үшін инклюзивті бөлімшелер құру бойынша бөлімшелерді жаңғырту туралы айтты. Бүгінгі күні республикалық маңызы бар үш қалада: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында банктің 350 бөлімшесі тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген. Банктердің ақпараты бойынша және Агенттік мониторингінің нәтижелері бойынша осы қалалардағы бөлімшелер қозғалыс жолдарының тактильді белгілерімен, дыбыстық маякпен, тұтқалармен, көлбеу көтергішпен жабдықталған, бөлімшенің жанында «Мүгедек» белгісі бар тұрақ орындары бар. Бөлімшеге кіре берісте көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған персоналды шақыру түймесі және мнемосызба орналастырылған. Кіру тобы соққыға төзімді материалдан жасалған, есіктерде нашар көретіндерге арналған сары түсті белгілер бар. Үй-жайдың ішінде мүгедектігі бар адамдар бөлімшенің бүкіл кеңістігінде қозғала алады: табалдырықтар мен бүйір жақтары жоқ. Пандустарды орнату мүмкін емес бөлімшелерде шынжыр табанды көтергіштер бар. Сондай-ақ бөлімшелерде мүгедектігі бар адамдарға бейімделген дәретхана бөлмесі қарастырылған, оған дейінгі қозғалыс жолы тактильді белгілермен жабдықталған. Қызметкерлер үнемі осал адамдар санатымен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін оқытылады және осындай клиенттерге ситуациялық көмек көрсетуге дайын.

« Агенттік мүгедектігі бар адамдарға олардың елдің қаржы жүйесіне ықпалдасуы бөлігінде ерекше назар аударады. Қаржы реттеушісі нің осы бағытта айтарлықтай қадамдар жасағанына қарамастан, мүгедектер үшін кедергісіз орта құру жөніндегі шараларды күшейту қажет. Ол үшін Агенттік Қазақстан стандарттау және метрология институтымен бірлесіп қаржы ұйымдары үшін міндетті сипатқа ие болатын қолжетімділік стандарттарын әзірлеуде » , – деді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жұмыс тобының кездесуінде.

Қазақстан стандарттау және метрология институтының өкілі Ринат Мырзагелдиевтің айтуынша, стандарттар ағымдағы жылдың қараша айында қабылданады. Жақын арада бірінші редакцияның тыңдаулары басталады, онда МБА және қаржы ұйымдарының өкілдері өз ұсыныстарын енгізе алады.

Қ. Иманәлиев атындағы Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Гүлмира Бурашева ұйым мүшелерінің көпшілігінің халықаралық тәжірибеге ұқсастығы бойынша осы санат үшін арнайы жеңілдікті қаржы бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша МБА үшін жеңілдікті қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсыну мүмкіндігін қамтитын қаржы ұйымдарынан ұсыныстар жинау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қаржылық қолжетімділігін және барлық санаттағы МБА-ға қызмет көрсету сапасын бағалау үшін рейтингтік жүйені енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл әдістеме халықаралық стандарттарды ескере отырып әзірленеді және 2023 жылғы екінші жартыжылдықта енгізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: